/қайталау/ ҚҚА қазақстан республикасының резидент – ұйымдарының өтімсіз борыштық бағалы қағаздарының әділ бағасын есептеу үшін 2011 жылға дисконттау мөлшерлемелерімен келісті

31.01.11 16:22
/KASE, 31.01.11, 26.01.11 жаңалықты қайталау/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Биржалық Кеңесінің 2011 жылдың 18 қаңтарындағы шешімімен, KASE ресми тізімінде тұрған, Қазақстан Республикасының резидент – ұйымдарының өтімсіз борыштық бағалы қағаздарының әділ бағасын есептеу үшін 2011 жылға мынадай санаттары бойынша дисконттау мөлшерлемелері анықталды: - рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар – жылдық 8,89 %; - рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар, бірінші санатша – жылдық 11,26 %; - рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар долговые, екінші санатша – жылдық 49,41 %; - буферлік санат – жылдық 39,60 %. Аталған дисконттау мөлшерлемелерімен 2011 жылдың 26 қаңтарында Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (ҚҚА) келісті және олар 2011 жылдың 31 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының резидент – ұйымдарының өтімсіз борыштық бағалы қағаздарының әділ бағасын есептеу үшін қолданылатын болады. 2011 жылдың 20 қаңтарындағы "KASE БИРЖАЛЫҚ КЕҢЕСІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РЕЗИДЕНТ – ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ӨТІМСІЗ БОРЫШТЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРЫНЫҢ ӘДІЛ БАҒАСЫН ЕСЕПТЕУ ҮШІН 2011 ЖЫЛҒА ДИСКОНТТАУ МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІН АНЫҚТАДЫ" атты KASE жаңалығы http://www.kase.kz/kz/news/show/1126900 мекен-жайы бойынша жарияланған.