ҚҚА "RG Brands" ақ (қазақстан) акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітті

18.01.11 15:50
/KASE, 18.01.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "RG Brands" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қадағалау мен реттеу агенттігінің (ҚҚА) 2010 жылдың 31 желтоқсанындағы ескертпе хатының көшірмесін Биржаға ұсынды. Аталған құжатқа сәйке: - ҚҚА компания акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітті; - Шығарылым 3 600 000 жай және 1 200 000 артықшылықты акция шығарылымына бөлінді; - акциялардың шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А4631 нөмірі бойынша енгізілді; - 2010 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша компанияның 3 452 730 жай және 750 000 артықшылықты акциясы орналастырылды, олардың жарғылық капиталы 2 740 296 000 теңге көлемінде құрастырылды.