"Қазақстан қағазы" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2011 жылдың 01 қаңтардағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін KASE-ге ұсынды
13.01.11 15:09
/KASE, 13.01.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Қазақстан қағазы" АҚ (Алматы обл., бұдан әрі – компания)
биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2011 жылдың 01 қаңтардағы
жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Компанияның тіркеушісі "РЕЕСТР-СЕРВИС" АҚ (Алматы).
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C45260011 жай акцияларының жалпы саны
6 560 751 дана, артықшылықты KZ1P45260117 акциялар саны – 2 186 917
дана;
- компанияның 6 557 459 жай акциясы орналастырылған, компанияның
артықшылықты акциялары орналастырылмаған;
- компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және
одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға
"Kagazy Investments" АҚ (Алматы) болып табылады.