"ОРДА кредит" кредиттік серіктестігі" ЖШС (Қазақстан) өзінің KZ2P0Y05C900 (ORDKb2) облигациялары бойынша 8-ші купонын төлеуі туралы хабарлады

31.01.11 15:41
/KASE, 31.01.11/ – "ОРДА кредит" кредиттік серіктестігі" ЖШС (Шымкент) 2011 жылдың 27 қаңтарында өзінің KZ2P0Y05C900 облигациялары бойынша (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, ORDKb2; 1 000 теңге, 1,5 млрд теңге; 26.01.08 – 26.01.13, тоқсандық купон жылдық 12,00 %, 30/360) сегізінші купондық сыйақысын төлеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 31 221 000,00 теңгені құрады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және KASE-де айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, KASE-ге тиісті ресми хат жолдауы тиіс.