"БТА БАНК" АҚ "ҚАЗАҚСТАН ИПОТЕКАЛЫҚ КОМПАНИЯСЫ" ИПОТЕКАЛЫҚ ҰЙЫМЫ" АҚ-НЫҢ KZ2C0Y10A980 (KZIKB3) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША КЕПІЛДІК ЖАҒДАЙЫНЫҢ ТЕКСЕРІЛГЕНДІГІН ХАБАРЛАДЫ

21.01.11 15:26
/KASE, 21.01.11/ – "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ипотекалық ұйымы" АҚ-ның KZ2C0Y10A980 облигациялары (KZIKb3; 1 теңге, 5,0 млрд теңге; 01.12.03 – 01.04.14, инфляция деңгейімен индекстелген жартыжылдық купон, ағымдағы есептік кезеңге жылдық 7,70 %; 30/360) ұстаушыларының өкілі болып табылатын, "БТА Банк" АҚ (Алматы) аталған облигациялар бойынша "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ипотекалық ұйымы" АҚ міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ететін, кепілдік мүліктің 2011 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша тексерілгендігінің Биржаға хабарлап, ресми хат жолдады. Өткізілген тексерістің негізінде "БТА Банк" АҚ былай деп хабарлады. Компания ұсынған, 2011 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайға жоғарыда аталған эмиссия бойынша ипотекалық куәліктерінің кепілдік тізіліміне сәйкес, кепілдік мүліктің жағдайы 2 831 376 737.46 (екі миллиард сегіз отыз бір миллион үш жүз жетпіс алты мың жеті жүз отыз жеті теңге) 46 тиынды құрайды, ипотекалық облигацияларды қамсыздандыру коэффициенті 102.60 %, бұл облигациялар шығарылымы аңдатпасының талаптарына сәкйес келеді.