"Имсталькон" АҚ (қазақстан) "Эксперт РА Казахстан" рейтингілік агенттігі" жшс қоғамның және оның облигацияларының рейтингілік бағасын растағанын хабарлады

18.01.11 15:36
/KASE, 18.01.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Имсталькон" АҚ (Алматы) Биржаға ресми хат жолдап, былай деп хабарлады. "Эксперт РА Казахстан" рейтингілік комитетінің шешімімен (2011 жылдың 12 қаңтарындағы # 20 хаттама) "Имсталькон" АҚ несиелік қабілеттілігінің рейтингі В+ деңгейінде (несиелік қабілеттілігінің жеткілікті деңгейі) және оның облигациялары (СТН – KZP01Y07D549, KZP02Y07D547, KZP01Y07D747) В+ деңгейінде (сенімділіктің жеткілікті деңгейі) расталды.