Tethys Petroleum Limited компаниясы (біріккен Корольдік) "Дорис" кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану жобасының келісілгенін хабарлады

31.01.11 15:38
/KASE, 31.01.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, Tethys Petroleum Limited компаниясы (Channel Islands) 2011 жылдың 11 қаңтарындағы баспасөз-хабарламасын Биржаға ұсынып, былай деп хабарлады. Бүгін Тетис Петролеум Лимитед (бұдан ары – "Тетис" немесе "Компания" (TSX:TPL)) "Дорис" кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану жобасының келісілгенін жариялап, өткізіліп жатқан операциялар бойынша және Қазақстанда болашақта жоспарланған бұрғылау жұмыстары жөніндегі жаңартылған ақпаратты ұсынды. Негізгі жайттар: - Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тәжірибелік- өнеркәсіптік жобамен келісуі. - "Дорис" мұнай кенін егжей-тегжейлі барлауда және бұдан арғы барлау нысандарына негіз болып табылатын, үш өлшемді және екі өлшемді сейсмикалық барлау бағдарламасы аяқталды. - "Дорис" кен орнында жасалған жаңа үш өлшемді түсірілімнің нәтижесінде мындай екі бағалау ұңғырмасы таңдалды (АКД-04 және АКД-05); олардың біріншісін бұрғылау 2011 жылғы ақпанның басына белгіленіп отыр. - Аккула блогында бұдан арғы барлау нысандары анықталды. - 2011 жылғы ақпанның басында АКД-03 ұңғымасын сынақтан өткізу бағдарламасына кірісу жоспарлануда. - АКД-02 және Г6 ұңғымаларын сынақтан өткізу радиалды бұрғылауды қолдану арқылы жүзеге асырылмақ. - KУЛД-01 (Калипсо) ұңғымасында 300 метр тереңдікте колонналар орнатылды; бұрғылауды бастау жоспарлануда. "ТетисАралГаз" ЖШС (ТАГ), Компанияның жүз пайыз еншілес компаниясы, Аккулка блогында орналасқан, "Дорис" мұнай кенін тәжірибелік- өнеркәсіптік пайдалану жобасына Мұнай және газ министрлігінің келісімін алды. Tethys Petroleum Limited баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен http://www.kase.kz/files/emitters/GG_TPL_/gg_tpl_reliz_110111.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.