"Самрұқ-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" (Қазақстан) 2010 жылғы қызметінің нәтижелерін хабарлады

25.01.11 14:51
/KASE, 25.01.11/ – Облигациялар Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған, "Самрұқ-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" (Астана) Биржаға 2011 жылдың 24 қаңтарындағы баспасөз-хабарламасын ұсынып, былай деп хабарлады. Бүгін Астанада ҚР Премьер-министрі К.Мәсімовтың қатысуымен «Самұрық- Қазына» Қорының кеңейтілген жиыны өтіп, онда Қордың 2010 жылдағы шаруалары қорытындыланып, есептер тыңдалды, 2011 жылдағы мақсаттары айтылды. Былтыр «Самұрық-Қазына» Қоры Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасын шын мәнінде аяқтап, Ұлттық Қордан бөлінген 1 трлн. 87,5 млрд.теңгенің 91%-н игерді. Қордың қатысуымен елдің БТА Банкі, Альянс Банкі және Темірбанк секілді үш ірі банктің берешектерін қайта құрылымдау табысты аяқталды. Қайта құрылымдау нәтижесінде БТА Банкінің сыртқы борыштары 12 млрд. АҚШ долларынан 3,7 млрд. АҚШ долларына дейін төмендетілді, Альянс банктің сыртқы борышы 4,5 млрд. АҚШ долларынан 1,16 млрд. долларға дейін қысқарды, Темірбанктің сыртқы борышы 770 млн. АҚШ долларынан 61 млн. АҚШ долларына дейін қысқарды. Міндеттемелерді төлеу мерзімі қарыз берудің орташа мөлшерлемесін 9-10%-ға дейін төмендете отырып, қолданыстағы 1-5 жылдан 8-20 жылға дейін өзгертілді. Аталған баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/SKKZ/skkz_reliz_240111.pdf мекен- жайы бойынша танысуға болады.