28 қаңтардан бастап "Темiрбанк" ақ (қазақстан) ақш долларының теңгеге бағамына фьючерстермен сауда-саттыққа қатысуға жіберілді

31.01.11 12:47
/KASE, 31.01.2011/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2011 жылдың 28 қаңтарынан бастап "Темiрбанк" АҚ (Алматы) АҚШ долларының теңгеге бағамына фьючерстермен сауда-саттыққа қатысуға жіберілді. Аталмыш шешім KASE аталған мүшесінің "Мүшелік туралы қағида" атты KASE ішкі құжатының 23 тармағындағы талаптарды, "Мерзімдік контракттармен биржалық сауда-саттықтар ережелері" атты KASE ішкі құжатының 15-1 тармағындағы талаптарды және "Мерзімдік нарықтың сақтық және кепілдік қорлары туралы қағида" атты KASE ішкі құжатының 12-1 тармағындағы талаптарды орындауына байланысты қабылданды. Бұдан бұрын бұл тақырып бойынша 2010 жылдың 24 желтоқсанында ""Темiрбанк" АҚ (Қазақстан) KASE мерзімдік нарығы мүшелігіне қабылданды" атты KASE жаңалығы http://www.kase.kz/news/show/1124950 мекен-жайы бойынша жарияланды.