"Kaspi Bank" АҚ (Қазақстан) KZP04Y10B467 (CSBNb8) облигациялары бойынша 4-ші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 9,30 % құрады

05.01.11 13:13
/KASE, 05.01.11/ – "Kaspi Bank" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) өзінің KZP04Y10B467 облигациялары бойынша (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, CSBNb8; 100 теңге, 6,0 млрд теңге; 01.07.09 – 01.07.19, инфляция деңгейімен индекстелген жартыжылдық купон) төртінші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9,30 % көлемінде белгіленді деп ресми хатпен хабарлады. Алдыңғы купондық кезеңде (2010 жылдың 31 желтоқсанына дейін) сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9,00 % пайызды құраған.