/қайталау/ KASE IPO жүргізу мақсатымен биржаның ресми тізіміне өз акцияларын енгізетін, компанияларға жеңілдіктер беруге дайын

31.01.11 12:18
/KASE, 31.01.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2010 жылдың 25 тамызынан бастап "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатына # 1 толықтырулар мен өзгертурлер қолданысқа енгізілгендігін естеріңізге салады. KASE-де ІРО-ны жоспарлаған эмитенттерді ынталандыру мақсатында KASE Алматы қаласы аймақтық қаржы орталығы қызметін реттеу жөніндегі агенттігімен бірлесіп, өзгертулер мен толықтырулар жобасын әзірледі. Өзгелер қатарында аталған толықтырулар мен өзгерістер IPO жүргізу мақсатымен биржаның ресми тізіміне өз акцияларын енгізетін, компанияларға листингілік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қарастырады, ол үшін аталмыш компаниялар мынадай шарттарды орындауы тиіс: - жарияланатын акциялар ІРО жүргізу мақсатында KASE ресми тізіміне алғаш рет енгізіледі; - акцияларды орналастыру KASE-де ашық сауда-саттық әдістерінің бірімен жүзеге асырылады; - ІРО нәтижелері бойынша тарту көлемі, оған аталмыш акцияларды реми тізімге енгізу туралы Листингілік комиссияның шешімінің күшіне ену күнінен бастап алты күнтізбелік ай беріледі, кемінде 1 000 000 АЕК баламасына тең болуы тиіс; - ІРО жүргізу кезінде жарияланған акцияларды кемінде 50 инвестор сатып алуы тиіс; - ІРО қорытындылары бойынша еркін айланыстағы акциялар көлемі, ІРО бастамашысы болып табылатын (ауырпалық салынған немесе оқшауланған, эмитенттің қайта сатып алған, акцияларды қоспағанда) листингілік компанияның жариялаған акцияларының жалпы көлемінен кемінде 10 % құрауы тиіс. Жоғарыда аталған шарттарды орындаған жағдайда акциялар рұқсаттамасының бастамасышысы бастапқы және бірінші жыл сайынғы листингілік алымдарды төлеуден босатылады. Бұған қоса, KASE листингілік компаниялардың KASE-де ІРО жүргізген уақытта, оларға кеңейтілген ақпараттық қолдау көрсету міндеттемесін өз мойнына алды. Бұрын хабарлағанымыздай, 2010 жылыдң 13 тамызында KASE Басқармасының шешімімен компаниялардың KASE-де ІРО жүргізген уақытта, оларға кеңейтілген ақпараттық қолдау көрсету тәртібі анықталды. Ақпараттық қолдауға биржа, жарияланған акциялар эмитенттері және олардың қаржылық кеңесшілерінің ресурстарын қолдану арқылы KASE тегін ұйымдастыратын және өткізетін, келесі шаралар жатады: - БАҚ-тан басқа, мүдделі тұлғалар өкілдері алдында (ең көбі 30 қатысушы) жарияланатын акциялар эмитенттерінің презентациясын ұйымдастыру ж әне өткізу; - KASE өкілдерінің, жарияланатын акциялар эмитентінің және/немесе оның қаржылық кеңесшісінің қатысумыен, БАҚ өкілдеріне брифинг ұйымдастыру және өткізу; - KASE веб-сайтындағы "Оқиғалар" бөлімінде сілтеме жасау және оған ІРО арналған, KASE-де өткізілетін шаралар (мысалы, эмитент презентациясы, БАҚ арналған брифинг және т.т.) туралы ақпараттарды және материалдарды, әрбір жариялыным бойынша жаңалықтарды шығарумен, жариялау; - бір ай бойы және әрбір мамандандырылған сауда-саттықтардың алдында аптасына ең көбі екі рет тиісті KASE жаңалығын шығару арқылы KASE-де акцияларды жариялау бойынша мамандандырылған сауда-саттықтарды туралы хабарлау; - "KASE-дегі компания күні" шарасын ұйымдастыру және өткізу, оған: - Толық жұмыс күні барысында немесе белгілі бір уақыт аралығымен оның алдын ала келісілген кезеңінде KASE жаңалықтары түрінде жарияланған акциялар эмитенттері туралы арнайы материалдарды шығару; - жарияланған акциялар эмитенттерінің маркетингілік материалдарын, осы эмитентке арналған, KASE веб-сайтындағы "Эмитенттер" бөліміндегі беттерде, KASE жаңалықтарында әрбір жарияланымды хабарлаумен, жариялау; - келісілген контент немесе Интернет желісі бетіне сілтеме беру арқылы KASE веб-сайтындағы эмитенттің жарнамалық баннерін орналастыру. Шаралардың нақты тізімі, оларды өткізу ерекшеліктері, ақпараттық қолдау формалары мен әдістері, KASE, жарияланған акциялар эмитенттері және/ немесе оның қаржылық кеңесшісінің арасында жасалуы тиіс, келісім- шарттың заты болып табылады. Листингілік ережелер мәтіні KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/listing_rules_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған Ақпараттық қолдау көрсету тәртібі KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/kase_ipo.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған