"БТА Банк" АҚ (ҚазаҚстан) Банктің Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы М. Әблязовты иемденген активтерінен оқшаулау әрекеттерге қатысты жағдайға түсініктеме берді

18.01.11 14:25
/KASE, 18.01.11/ – Облигациялар Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "БТА Банк" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 17 қаңтарындағы баспасөз-хабарламасын ұсында, онда мынадай мәселе хабарланған: цитата басы БТА Банкі (бұдан кейін – «Банк») әлдебір тұлғалардың Банк Директорлар кеңесінің экс-төрағасы М.Әблязовтың (бұдан кейін – «М.Әблязов») активтерін иемденуге бағытталған кез келген мәмілелері мен іс- әрекеттері Англия мен Уэльстің Жоғарғы сотының (бұдан кейін – «Сот») бұйрығын бұзу болып саналатындығын және істің ақыры дауға салынып, қатаң жауапқа тартылатындығын хабарлайды. М.Әблязовтың тікелей және жанама бақылауындағы барлық активтері Сот бұйрығының қатаң бақылауында болады. Бұл Соттың бұйрығымен М.Әблязовқа БТА Банкі мен Соттың алдын ала рұқсатынсыз мәміле немесе басқа да іс-әрекет жасауға тыйым салады. М.Әблязовтың активтерін бақылауды Сот арнайы тағайындаған әріптесі - KPMG халықаралық аудиторлық компаниясына жүктеді. Сот оларды БТА Банкінің М.Әблязолвқа шағым-талабы қабылданғанша сақталуын қамтамасыз ету мақсатында активтердің администраторы (receivers) ретінде тағайындады. «Солтүстік Домодедово» логистикалық кешенін сату жөніндегі мәмілеге келетін болсақ, активтердің администраторы бұл мәміленің жағдайын қазірдің өзінде-ақ зерделеп жатыр. БТА Банкі өз кезегінде жағдайды талқылап, мәмілеге қатысушылардың барлығынан оның құрылымы және өзге де нақтылылығына қатысты түсініктеме беруін талап етеді. Нәтижесіне байланысты БТА Банкі мәмілелерді жоққа шығару мен тергеу және сот орындарына шағымдануын қоса алғандағы келесі кезекті шараларды қолданатын болады. БАҚ байланыс телефондары: тел. +7(727) 312 28 47, 250 53 78 e-mail: pr@bta.kz www.bta.kz цитата соңы