2011 жылдың 03 ақпанында "Қазақстан Қағазы"АҚ KZPC2Y07C024 (KKAGB3) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ ҰСТАУШЫЛАРЫНЫҢ жиналысы болады

19.01.11 14:34
/KASE, 19.01.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Қағазы" АҚ (Алматы обл.) биржаға ақпараттық хабарлама ұсынып, былай деп хабарлады. Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Наурызбай батыр көш., 154А мекен-жайында орналасқан "Қазақстан Қағазы" АҚ (бұдан ары - Эмитент) облигация (ҰСН KZPC2Y07C024) ұстаушыларына Эмитент Директорлар кеңесінің шешіміне (2011 жылдың 17 қаңтарындағы хаттама) сәйкес Эмитент облигациялары ұстаушыларының жиналысы (бұдан ары - жиналыс) болатынын хабарлайды. Жиналыс 2011 жылдың 03 ақпанында, Алматы уақытымен 10:00-ден бастап, Қазақстан Республикасы Қаржыгерлер ассоцияциясының мәжіліс- залында (Алматы қ., Әйтеке би көш., 67) өтеді. Жиналысқа қатысушылардың тіркеу 2011 жылдың 03 ақпанында Алматы уақытымен сағат 09:30-дан бастап, жиналыс өткізілетін жерде жүзеге асырылады. Кворум жиналмаған жағдайда қайталама жиналыс 2011 жылдың 04 ақпанында, Алматы уақытымен сағат 15:00-ден бастап, жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі. Қайталама жиналыс қатысушыларын тіркеу 2011 жылдың 04 ақпанында Алматы уақытымен сағат 14:30-дан бастап, жиналыс өткізілетін жерде жүзеге асырылады. Осы жиналысқа қатысу құқығы бар облигациялар ұстаушыларының тізімі 2011 жылдың 17 қаңтарында Алматы уақытымен 00.00-дегі жағдай бойынша құрастырылған. Жиналыстың күн тәртібі. 1.Облигациялар (ҰСН KZPC2Y07C024) облигациялары бойынша Эмитент міндеттемелерін қайта құрылымдау. 2.Эмитент (ҰСН KZPC2Y07C024) облигацияларының шығарылымы аңдатпасына енгізілген өзгертулерді және толықтыруларды бекіту. 3.Эмитент облигациялары (KZPC2Y07C024) бойынша міндеттемелерді қайта құрылымдау туралы келісімді жасау. 4.Эмитент облигацияларын ұстаушыларына арналған ақпарат Тіркеу кезінде жиналыс қатысушылары олардың жиналысқа және жиналыста қарасытырлатын мәселелер бойынша дауыс беруге қатысу құқығын растайтын құжаттарды ұсыну қажет. Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша көпшілік сипаттағы материалдар Эмитенттің Интернет-сайтында (www.kazakhstankagazy.com) жарияланатын болады. Анықтама телефоны: (727) 244 87 87.