"БАНК ЦЕНТРКРЕДИТ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) ӨЗІНІҢ KZPC5Y05B650 (CCBNB12) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН ӨТЕУІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

11.01.11 12:06
/KASE, 11.01.11/ – "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) өзінің KZPC5Y05B650 облигацияларын (CCBNb12; 100 теңге, 5,0 млрд теңге, 27.12.05 - 27.12.10; жартыжылдық купон жылдық 9,00 %, 30/360) өтеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады, оның аясында аталмыш облигациялар бойынша соңғы – оныншы купондық сыйақы төленді. Аталмыш хабарламаға сәйкес, аталмыш облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 5 225 000 000,00 теңгені, соның ішінде негізгі берешек (облигациялар жалпы бағасының атаулы құны) - 5 000 000 000,00 теңгені, оныншы купондық сыйақы - 225 000 000,00 теңгені құрады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және KASE-де айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, KASE-ге тиісті ресми хат жолдауы тиіс.