"БТА Банк" ақ "Астана-Финанс" АҚ-ның (қазақстан) KZPC1Y05B725 (ASFIb8) облигациялары бойынша кепілдік мүлік жағдайын тексергенін хабарлады

18.01.11 12:55
/KASE, 18.01.11/ – "Астана-Финанс" АҚ-ның (Астана) KZPC1Y05B725 ипотекалық облигацияларының (ASFIb8; 100 теңге, 500,0 млн теңге; 12.05.06 – 12.05.11, жартыжылдық купон жылдық 6,00 %; 30/360) ұстаушыларының өкілі болып табылатын, "БТА Банк" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) ресми хат жолдап, 2011 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша аталған облигациялар бойынша "Астана-Финанс" АҚ міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуі болып табылатын, кепілдік мүлік жағдайының тексерілуін жүргізгендігі туралы хабарлады. Жүргізілген тексеріс нәтижесінде "БТА Банк" АҚ "тексеріс нәтижесі бойынша кепілдік мүліктің жағдайы эмиссиялар аңдатпасының талаптарын қанағаттандыратындығын, ипотекалық облигацияларды қамтамасыз ету коэффициенті (728,73%) "Астана-Финанс" АҚ облигацияларының (KZPC1Y05B725) сегізінші шығарылымының аңдатпасына сәйкес келетіндігін" хабарлады. "Астана-Финанс" АҚ бағалы қағаздары қазіргі уақытта KASE тізімдерінде жоқ екендігін естеріңізге саламыз.