2011 жылдың 11 ақпанында "БТА Банк" Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (Казахстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болады

14.01.11 12:10
/KASE, 14.01.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "БТА Банк" Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк), 2011 жылдың 11 ақпанында сағат 11:00 банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады. Аталмыш жиналыстың күн тәртібінде қарастырылатын жалғыз мәселе компанияның даму перспективалары болып табылады. Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Алматы қ., Самал-2 ы/а, Жолдасбеков көш., 97, А2 блогы. Жиналысқа қатысушылардың тіркеуі сағат 10:30-дан басталады. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2011 жылдың 14 ақпанында сол уақытта жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі.