"Данабанк" АҚ (Казахстан) KZ2CKY05B752 (DNBNb1) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

05.01.11 12:07
/KASE, 05.01.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік комиссиясының шешімімен 2011 жылдың 05 қаңтарынан бастап "Данабанк" АҚ (Алматы) KZ2CKY05B752 облигациялары (DNBNb1; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 05.01.06 – 05.01.11; соңғы купондық кезеңге жылдық 8,80 % жартыжылдық купон; 30/360) KASE ресми тізімінен айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты шығарылды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "В" санаты бойынша 2006 жылдың 04 қаңтарынан бастап енгізілген, ал 2007 жылдың 27 сәуірінен бастап KASE ресми тізімінің "А" санатына ауыстырылды, 2008 жылдың 01 қыркүйегінен бастап – "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасына,2009 жылдың 02 қазанына бастап – "буферлік санат" санатына, 2010 жылдың 10 маусымынан бастап – KASE ресми тізімінің "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасына ауыстырылған. Олардың сауда-саттығы 2006 жылдың 22 маусымынан бастап ашылған. Аталмыш облигацияардың биржада айналыста болу мерзімінде олармен мәмілелер жасалған жоқ.