"Темiрбанк" АҚ (Қазақстан) өзінің USY8584LAA18, US87971SAA87 (TEBNe1) облигациялары бойынша 1-ші купонын төлеуі туралы хабарлады

06.01.11 11:09
/KASE, 06.01.11/ – "Темiрбанк" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) 2010 жылдың 29 желтоқсанында ресми хат жолдап, өзінің USY8584LAA18, US87971SAA87 халықаралық облигациялары бойынша (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, TEBNe1; $60 750,0 мың; 30.06.10 – 30.06.22, жылдық 9,00 % жартыжылдық купон, 30/360) бірінші купондық сыйақысын төлеуі туралы хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 3 953 155,08 АҚШ долларын құрады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және KASE-де айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, KASE-ге тиісті ресми хат жолдауы тиіс.