KAZAKHMYS PLC компаниясы (біріккен корольдік) 2010 жылғы өзінің өндірістік қызметінің нәтижелерін жариялады

27.01.11 15:56
/KASE, 27.01.11/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, KAZAKHMYS PLC компаниясы (Лондон) Биржаға 2011 жылдың 27 қаңтарындағы баспасөз-хабарламасын ұсынып, былай деп хабарлады: цитата басы Бүгін, Қазақмыс Тобы 2010 жылдың төртінші тоқсанындағы және 12 айы ішіндегі өндіріс нәтижелерін жария етті. Топтың барлық операциялық бөлімшелері есепті кезеңге болжаған өндірістік жоспарын сәтті орындап шықты. 2010 жылдың 12 айы ішінде меншікті концентраттан катодты теңгерімдегі мыс өндірісі 303 мың тоннаны құрады. Өндіріліп шығарылған қосалқы өнімдердің ауқымы жылдық жоспарда көзделген көрсеткіштерден шамалы артып отыр. Күміс өндірісі 14 093 мың унцияны, ал алтын өндірісі 127 мың унцияны құрады. 2009 жылдың нәтижелерімен салыстырғанда, мырыш концентратының өндірісі 12 пайызға артып, 167 мың тоннаға жетті. Екібастұз ГРЭС-1 2010 жыл ішінде шығарған электр энергиясының таза өндірілімі 2009 жылдағымен салыстырғанда 14 пайызға артып, 11 065 ГВтсағ. құрады. Бұл өндірістік кәсіпорындардың электр энергиясын тұтынуының өскендігіне байланысты болып отыр. Өткен жылы электр энергиясына деген тариф кВт сағатына 4,49 теңгеге дейін жоғарылады, ол электр станциясының инвестициялық бағдарламасының жеделдетілуіне жағымды әсерін тигізді. Сөйтіп, 2010 жыл ішіндегі капиталдық шығындар 2009 жылдағыға қарағанда 172 пайызға жоғары болды. Олар, жұмыс істемей тұрған №8 және №2 энергоблоктарын қалпына келтіруге, станциядағы жұмыс істеп тұрған энергоблоктардың, резервтік роторлардың капиталдық жөндеулеріне және электр сүзгілерін орнатуға кететін шығындарды қамтыды. 2011 жылы Топ өзінің инвестициялық жоспарларын, экологиялық іс- шараларын орындауын жалғастырып келеді, сондай-ақ өндірістің қауіпті факторларын анықтау, бағалау және есепке алып отыру үшін қолданылатын қатерлерді басқару әдістемелерін және өндірісте қауіпсіздікті қамтамасыз ету процедураларын түбегейлі жетілдіруді жүргізіп отыр. Қазақмыс сатып алатын жергілікті жерлерде өндірілген сапалы өнімдердің үлесін арттыра түсу Топтағы бөлімшелердің 2011 жылға арналған міндеттерінің бірі болып қалады, сонымен қоса, Қазақмыс өзінің қызметін жүзеге асырып отырған аймақтарды дамытуын әрі отандық өндірушілермен ынтымақтастығын одан әрі жалғастыру болып табылады. Қазақмыс Тобының Бас басқарушы директоры Олег Новачук былай деп түсінік берді: «Біз өндірісіміздің тұрақтылығымен көрінген 2010 жылды жағымды көрсеткіштермен қорытындылап отырмыз. Өткен жылы біз қонымды нәтижелерге қол жеткізіп, алда дами түсуіміздің берік іргетасын қаладық. Жаңа жылға Компания 2010 жылғы деңгейде, яғни 300 мың тонна катодты теңгерімдегі мыс өндіру болжамындағы өндірістік жоспарын сақтап, өндірістің рентабельділігі мен тиімділігін жоғарылату жағына қарай ілгерілеуін жалғастыра түспек». Толық ақпарат алу үшін төмендегі байланыс телефондарына хабарласыңыз: Қазақмыс тобы Джон Смэлт, Корпоративтік байланыстар бөлімінің басшысы тел: +44 20 7901 7882, Айрин Бэртон , Қаржы талдаушысы тел: +44 20 7901 7814 Зульфира Мұхамедиярова, БАҚ-мен байланыс жасау жөніндегі аға менеджері тел: +77 27 2440 353 Мерлин Дэвид Саймонсон, тel: +44 20 7726 8400 Мария Бабкина, тel: +44 20 7726 8400 цитата соңы