"Еуразиялық банк" АҚ (Қазақстан) өзінің KZP04Y10C614 (EUBNb7) облигациялары бойынша 4-ші купонын төлеуі туралы хабарлады

24.01.11 10:29
/KASE, 24.01.11/ – "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 21 қаңтарында өзінің KZP04Y10C614 облигациялары бойынша (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, EUBNb7; 100 теңге, 5,0 млрд теңге; 21.01.09 – 21.01.19; инфляция деңгейімен индекстелген жартыжылдық купон, есептік купондық кезеңге 6,80 %, 30/360) төртінші купондық сыйақысын төлеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады. Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 192 440,00 теңгені құрады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және KASE-де айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, KASE-ге.