"Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС (Қазақстан) өзінің KZ2P0Y05D650 (EKGSb1) облигациялары бойынша 2-ші купонын төлеуі туралы хабарлады

13.01.11 10:06
/KASE, 13.01.11/ – "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС (Екібастұз) 2011 жылдың 10-11 қаңтарында өзінің KZ2P0Y05D650 облигациялары бойынша (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, EKGSb1; 10 000 теңге, 10,0 млрд теңге, 30.12.09 – 30.12.14; жылдық 12,00 % жартыжылдық купон, 30/360) екінші купондық сыйақысын төлеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 600 000 000,00 теңгені құрады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және KASE-де айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, KASE-ге тиісті ресми хат жолдауы тиіс.