"АТФ Банк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы - "АТФ Финанс" АҚ "AMF Group" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y07D139 (AKFIb2) облигациялары бойынша биржада маркет-мейкер мәртебесінен бас тартты

06.01.11 09:59
/KASE, 06.01.11/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының шешімімен (KASE) "АТФ Банк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы - "АТФ Финанс" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 18 қаңтарынан бастап "AMF Group" АҚ-ның (Ақтөбе) KZ2C0Y07D139 облигациялары (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, AKFIb2) бойынша маркет-мейкер міндеттерін атқарудан босатылды. Осы шешім KASE "Маркет-мейкерлер қызметінің ережелері" атты ішкі құжатының 5 бабы 16 тармағына сәйкес маркет-мейкердің өтініші негізінде қабылданды.