"БТА Банк" АҚ (Казахстан) оффшорлық аймақтарда тіркелген, өзінің акционерлері құқықтарының шектелуі туралы еске салады

11.01.11 10:49
/KASE, 11.01.11/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасында (KASE) "Бейлистингілік бағалы қағаздар" секторында айналысқа жіберілген, "БТА Банк" АҚ (Алматы) KASE-ге ақпараттық хабарлама ұсынып, былай деп хабарлады. Қазақстан Республикасының "Банктер және Қазақстан Республикасындағы банктік қызмет туралы" Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 17 бабы 5 тармағына және, "БТА Банк" АҚ 2010 жылдың 28 мамырында өткен Конкурстық кредиторлардың жалпы жиналысында мақұлданған, "БТА Банк" АҚ міндеттемелерін қайта құрылымдау жоспары бар, Ақпараттық меморандумның "Акционерлік капиталды және қазақстандық заңнаманың белгілі бір1 мәселелерін сипаттау" Бөліміне сәйкес, оффшорлық аймақта тіркелген немесе оффшорлық аймақта тіркелген аффилиирленген тұлғалары бар заңды тұлғалар, немесе Тізімін уәкілетті орган белгілейтін, оффшорлық аймақта тіркелген заңды тұлғалардың қатысушылары (құрылтайшылары, акционерлері) болып табылатын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының резидент-банктерінің дауыс беруші акцияларын тікелей немесе жанама түрде иелене және (немесе) қолдана, және (немесе) қолдана алмайды. Аталмыш шектеу, Тізімін уәкілетті орган белгілейтін, рейтингілік агенттіктердің бірінен "А" рейтингісінен төмен болмайтын жеке кредиттік рейтингісін алған, Қазақстан Республикасының резидент- банктерінің еншілес ұйымдары болып табылатын банктерге тарамайды. Жоғарыда баяндалғанның негізінде хабарлаймыз, егер де Сіз оффшорлық аймақта тіркелсеңіз немесе оффшорлық аймақта тіркелген аффилиирленген тұлғаларыңыз бар болса, немесе Тізімін уәкілетті орган белгілейтін, оффшорлық аймақта тіркелген заңды тұлғалардың қатысушысы (құрылтайшысы, акционері) болсаңыз, Сізге аталмыш жағдайды Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкестендірудің ықтимал тәсілдерін анықтау үшін "БТА Банк" АҚ-мен мына деректемелер бойынша қысқа мерзім ішінде хабарласу керек: Аманханова Гульзира Кульчембаева Алина gamankhanova@bta.kz kulchembayeva@bta.kz +7 (727) 266 26 67 +7 (727) 261 89 53