28 қаңтарда листингілік комиссия "Карагандинский завод асбестоцементных изделий" ақ KZPC2Y05B806 (KAZIb2) және KZP03Y05B808 (KAZIb3) облигацияларын KASE ресми тізімініің "буферлік санат" санатына ауыстыру негіздерін жою жөніндегі шаралар жоспарын қабылдады

31.01.11 10:42
/KASE, 31.01.11/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2011 жылдың 28 қаңтарындағы шешімімен "Карагандинский завод асбестоцементных изделий" АҚ (Қарағанды обл.) мынадай облигацияларын KASE ресми тізімінің "буферлік санат" санатына ауыстыру негіздерін жою жөніндегі шаралар жоспарын қабылдады: - KZPC2Y05B806 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, KAZIb2; 1 теңге, 1,5 млрд теңге, 05.12.06 – 05.12.11; жартыжылдық купон жылдық 10,00 %; 30/360); - KZP03Y05B808 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, KAZIb3; 1 теңге, 2,0 млрд теңге, 28.05.09 – 28.05.14; жартыжылдық купон жылдық 14,00 %; 30/360). 2011 жылдың 20 қаңтарындағы KASE тұжырымдамасында 2010 жылдың қарашасында "Карагандинский завод асбестоцементных изделий" АҚ KZP03Y05B808 облигациялары бойынша үшінші купондық кезеңге (2010 жылдың 28 мамырынан 28 қарашасына дейін) сыйақы төлеу бойынша, ал 2010 жылыдң желтоқсанында KZPC2Y05B806 облигациялары бойынша сегізінші купондық кезеңге (2010 жылдың 05 маусымынан 05 желтоқсанына дейін) сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берді деп мәлімделді. Қазақстан Республикасы Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы қызметін реттеу жөніндегі Агенттік Төрағасының "Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңы тізіміне енгізілген немесе енгізілуі болжанған бағалы қағаздары бар эмитенттер мен осындай бағалы қағаздарға талаптар бекіту туралы" 2008 жылдың 08 мамырындағы # 04.2-09/119 бұйырығына берілген Қосымшаның 13-5 тармағына сәйкес, "Карагандинский завод асбестоцементных изделий" АҚ 2011 жылыдң 18 қаңтарында өзінің бағалы қағаздарын KASE ресми тізімінің "буферлік санат" санатына ауыстырудың негіздерін жою жөніндегі шаралар жоспарын KASE-ге ұсынды. Аталған Қосымшаның 13-7 тармағына сәйкес Листингілік комиссияның аталмыш шешімін бекіту мәселесі KASE Биржалық кеңесінің отырысында қарастыралады.