31 қаңтардан бастап "Темірбанк" АҚ облигациялары KASE ресми тізімінің "Буферлік санат" санатынан "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына ауыстырылды

31.01.11 10:19
/KASE, 31.01.11/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының шешімімен 2011 жылдың 31 қаңтарынан бастап "Темірбанк" АҚ (Алматы) мынадай облигациялары KASE ресми тізімінің "буферлік санат" санатынан "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына ауыстырылды: - KZ2C0Y20A641 (TEBNb3; 0,01 теңге, 2,2 млрд теңге; 20.10.02 – 20.10.22, жартыжылдық купон жылдық 8,00 %; 30/360); - KZP01Y20B553 (TEBNb4; 0,01 теңге, 5,0 млрд теңге; 07.07.05 – 07.07.25, жартыжылдық купон жылдық 8,00 %; 30/360); - KZP01Y17B559 (TEBNb6; 0,01 теңге, 4,0 млрд теңге; 30.12.05 – 30.12.22, жартыжылдық купон жылдық 8,00 %; 30/360); - KZP04Y19B559 (TEBNb7; 0,01 теңге, 3,0 млрд теңге; 01.06.06 – 01.06.25, жартыжылдық купон жылдық 8,00 %; 30/360); - KZP05Y16B552 (TEBNb8; 0,01 теңге, 3,5 млрд теңге; 01.06.06 – 01.06.22, жартыжылдық купон жылдық 8,00 %; 30/360); - KZP07Y20B550 (TEBNb10; 0,01 теңге, 4,5 млрд теңге; 29.11.06 – 29.11.26, жартыжылдық купон жылдық 8,00 %; 30/360); - KZP08Y25B557 (TEBNb11; 0,01 теңге, 4,0 млрд теңге; 29.11.06 – 29.11.31, жартыжылдық купон жылдық 8,00 %; 30/360); - KZP02Y15C336 (TEBNb13; 0,01 теңге, 8,0 млрд теңге; 14.04.07 – 14.04.22, жартыжылдық купон жылдық 8,00 %; 30/360); - KZP03Y19C336 (TEBNb14; 0,01 теңге, 6,0 млрд теңге; 14.04.07 – 14.04.26, жартыжылдық купон жылдық 8,00 %; 30/360); - KZP04Y19C334 (TEBNb15; 0,01 теңге, 6,0 млрд теңге; 14.04.07 – 14.04.26, жартыжылдық купон жылдық 8,00 %; 30/360); - KZP05Y20C339 (TEBNb16; 0,01 теңге, 6,0 млрд теңге; 14.04.07 – 14.04.27, жартыжылдық купон жылдық 8,00 %; 30/360); - KZP06Y20C337 (TEBNb17; 0,01 теңге, 6,0 млрд теңге; 14.04.07 – 14.04.27, жартыжылдық купон жылдық 8,00 %; 30/360); - KZP07Y10C336 (TEBNb18; 0,01 теңге, 10,0 млрд теңге; 15.03.10 – 15.03.20; плавающий жартыжылдық купон, айналыстың бірінші жылына жылдық 8,00 %; 30/360). 2011 жылдың 20 қаңтарындағы KASE тұжырымдамасында, аталған облигацияларды KASE ресми тізімінің "буферлік санаты" санатына ауыстыруға бірінші облигациялық бағдарлама аясында шығарылған, "Темiрбанк" АҚ-ның төртінші, бесінші, жетінші және сегізінші шығарылым облигациялары бойынша сыйақы төлеуге қатысты оның жіберген дефолтына байланысты, "Темiрбанк" АҚ-ның міндеттемелерінің қайта құрылымдалуы негіз болды. KASE-ге ұсынылған құжаттарға сәйкес, "Темiрбанк" АҚ-ның міндеттемелерін қайта құрылымдау процесі қайта құрылымдау жоспарымен қарастырылған, "Темiрбанк" АҚ-ның кешенді шараларды жүзеге асыруына байланысты 2010 жылдың 04 тамызында аяқталды. "Темiрбанк" АҚ-ның аталған облигацияларды "буферлік санат" санатына ауыстыру негіздерін жоюына және Қазақстан Республикасы Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы қызметін реттеу жөніндегі Агенттік Төрағасының "Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңы тізіміне енгізілген немесе енгізілуі болжанған бағалы қағаздары бар эмитенттер мен осындай бағалы қағаздарға талаптар бекіту туралы" 2008 жылдың 08 мамырындағы # 04.2-09/119 бұйырығына берілген Қосымшасында белгіленген барлық талаптарды, сондай-ақ аталған облигацияларды "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына ауыстыруға қажетті талаптарды орындауына байланысты аталмыш облигациялар "буферлік санат" санатынан "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына ауыстырылды.