KZ
RU
EN
23 тамыз 2026, 21:30
KZ
RU
EN
Кіру

AI бизнес пен инвестицияны қалай өзгертеді – KASE Академиясы мен Silkroad Angels осы тақырыпта воркшоп өткізді

#Конференциялар мен форумдар
10 маусым 2026

KASE Академиясы Silkroad Angels ұйымымен бірлесіп, жасанды интеллектке инвестиция салу және AI-дың бизнесте практикалық қолданылуына арналған воркшоп ұйымдастырды.


Қатысушылар жасанды интеллектің компания құру тәсілдеріне, өнімдерді дамытуға және венчурлық инвестицияға қалай әсер етіп жатқанын талқылады. Индустрияның дамуы жөніндегі өз тәжірибесін және көзқарасын Silkroad Angels тең негізін қалаушы Абай Абсамет пен Zero To One Labs және nFactorial School компанияларының негізін қалаушы Арман Сүлейменов бөлісті.


Спикерлердің айтуынша, AI әлемдік экономикада құн қалыптастырудың негізгі драйверлерінің біріне айналуда, ал AI инфрақұрылымы мен оған қатысты технологияларға жасалатын инвестиция көлемі 2026 жылы 700 млрд АҚШ долларына дейін жетуі мүмкін.
"Егер 5 жыл бұрын технологиялық өнім жасау үшін ондаған инженер, миллиондаған доллар инвестиция және 3-5 жыл қажет болса, бүгінде 5-10 адамнан тұратын командалар өнімді әлдеқайда жылдам әрі аз шығынмен жасай алады. Жасанды интеллект стартаптарды дамыту шығынын он еседен астам қысқартып отыр. Біз қазірдің өзінде шағын командалардың жаһандық деңгейдегі, құны миллиардтаған компаниялар құрып жатқанын көріп отырмыз, ал болашақта мұндай ауқымдағы жобаларды тіпті бір адамның өзі де іске асыра алуы мүмкін", - деді Абай Абсамет.


Венчурлық нарықтың AI ықпалымен трансформациялануына да ерекше назар аударылды. Ұсынылған деректерге сәйкес, 2025 жылы пайда болған "жалғыз мүйіз" компаниялардың шамамен 68%-ы AI-native болып табылады. Мысал ретінде Higgsfield кейсі қарастырылып, шағын командалардың жасанды интеллектің мүмкіндіктері арқылы жаһандық деңгейдегі өнімдер жасай алатыны көрсетілді.


Арман Сүлейменов AI құралдарын қолданудың практикалық кейстерімен бөлісіп, жасанды интеллектің бүгіннің өзінде компанияларға процестер тиімділігін арттыруға, өнім әзірлеуді жеделдетуге және бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға көмектесіп жатқанын атап өтті.
"Бүгінде жасанды интеллект рекрутингтен бастап өтінімдерді өңдеу, деректерді талдау, сатылым және контент-маркетингке дейінгі ағымдағы көптеген функцияны орындай алады. Көптеген процесті енді автоматтандыруға немесе айтарлықтай жеделдетуге болады. Соның нәтижесінде компаниялардағы жұмыс құрылымы өзгеруде - құндылық тапсырмаларды орындаудан гөрі оларды дұрыс қоюға, сапаны бақылауға және шешім қабылдауға ойысады. Осы тұрғыдан алғанда, дәстүрлі middle management ең үлкен трансформацияға ұшырайтын аймаққа айналуда", - деді Арман Сүлейменов.

Басқа іс-шаралар

KASE БҰҰ Жаһандық шартына қосылды13 тамыз 2026#Ынтымақтастық
KASE капитал нарығындағы ESG рөлін күшейтуде11 тамыз 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE Digital Assets Platform платформасымен бірге Қазақстанның цифрлық активтер нарығын дамыту31 шілде 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE және PSX Қазақстан мен Пәкістанның капитал нарықтары арасындағы ынтымақтастықты нығайтады17 шілде 2026#Ынтымақтастық
Инвестициялауды үйрену енді бұрынғыдан да оңай: KASE Academy жаңа білім беру платформасын іске қосты15 шілде 2026#Оқыту
Сауда-саттық көлемінің өсуі, жаңа эмитенттер және цифрлық активтер: KASE мен KACC қызметінің бірінші жартыжылдықтағы қорытындысы14 шілде 2026#Баспасөз конференциялары мен брифингтер
Жапонияда өткен ASEAN+3 форумында KASE облигациялар нарығын дамыту мәселелерін талқылады08 шілде 2026#Конференциялар мен форумдар
Қазақстан қор биржасы қалай жұмыс істейді: KIMEP University студенттеріне арналған KASE академиясының дәрісі07 шілде 2026#Оқыту