Сауда-саттық ақпарат

Оферта–келесім-шарты

Биржаның интернет-сайты арқылы биржалық сауда-саттықты қарауға рұқсат беру

бойынша қызметтер көрсету туралы

ОФЕРТА – КЕЛІСІМ-ШАРТЫ


Алматы қ.


Бұдан әрі "Биржа" деп аталатын, "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы атынан 2011 жылдың "21" сәуіріндегі № 10 сенімхат негізінде әрекет етуші, Вице-президент А.Ю.Цалюк Клиентке Биржаның интернет-сайтында нақты уақыт тәртібінде Сауда-саттық ақпараттарын қарауға рұқсат беру арқылы ақпараттық қызметтер көрсету туралы келісім-шартын, Клиенттің осы жария оферта Акцептін жүзеге асыру арқылы, жасасуды ұсынады (бұдан әрі – Келісім-шарт).



1. ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАУЛАР
 
Оферта Акцепті – Клиенттің осы Келісім-шарттың шарттарын, Келісім-шартта қарастырылған тәртіпте Тіркелу арқылы, толық және сөзсіз қабылдауы.
 
Рұқсат – Клиенттің, Келісім-шарттың шарттарына сәйкес, Сауда-саттық ақпаратын қарауға рұқсат алу құқығы.
 
Пайдаланушының аты және Құпия сөзі – Клиентті сәйкестендіретін екі бірегей таңбалар жиынтығы, осылардың тіркесімі Клиентке Сауда-саттық ақпаратын қарауға рұқсат алуға мүмкіндік береді. Пайдаланушының аты мен Құпия сөзін Клиент Тіркелген кезде таңдалады, олардың бірегейлігін Биржа растайды.
 
Биржаның интернет-сайты – Биржаның интернет- сайты (www.kase.kz).
 
Клиент – оферта Акцептін жүзеге асырған және осы Келісім-шарт бойынша Қызметтердің тұтынушысы болып табылатын, жеке немесе заңды тұлға.
 
Тіркелу – белгіленген нұсқа бойынша Клиенттің мәліметтерін толтыру арқылы Биржаның интернет-сайтында Клиенттің есепке алу жазбаларын қалыптастыру.
 
Нақты уақыт тәртібі – Сауда-саттық ақпаратын тарату әдісі, осы ақпараттың пайда болуы мен жариялануы арасында кемінде 15 минут өтті.
 
Тараптар – Биржа және Клиент.
 
Сауда-саттық ақпарат – Биржа нарығының (бұдан әрі – Биржалық нарықтың) барлық секторларындағы, секторлардың комбинациясындағы және жеке секторындағы сауда-саттықтың барысы туралы ақпарат, бұл ақпарат нақты уақыт тәртібінде беріліп келесідей бөлінеді:



1)
акциялар және басқа да үлестік борыштық бағалы қағаздар секторындағы сауда-саттықтың барысы туралы ақпарат;
2)
корпоративтік облигациялар, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары және басқа да беймемлекеттік борыштық бағалы қағаздар секторындағы сауда-саттық барысы туралы ақпарат;
3)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының бағалы қағаздары, сондай-ақ шет мемлекеттер бағалы қағаздарының секторындағы сауда-саттықтың барысы туралы ақпараттар;
4)
шетел валюталары секторындағы және валюталық своп операцияларының секторындағы сауда-саттық барысы туралы ақпараттар;
5)
репо операциялары секторындағы сауда-саттық барысы туралы ақпараттар;
6)
туынды қаржы құралдары секторындағы сауда-саттық барысы туралы ақпараттар.
 
Сауда-саттық ақпараты:



қаржы құралдардың осы тобы үшін негізгі болып табылатын сауда-саттық әдісімен¹ мәмілелер жасасу үшін Биржа қабылдаған, өтінімдердің бағалары мен көлемдері (ақшалай және саудаланатын қаржы құралдардың санымен); бұл ретте, Келісім- шартқа қолданымды өтінімдер деп әр қаржы құралы бойынша, әр уақыттағы өтінімдердің ең үздік бағалары деп түсіну керек;
қаржы құралдардың осы тобы үшін негізгі болып табылатын сауда-саттық әдісімен мәмілелер жасасу үшін Биржа қабылдаған, өтінімдердің бағалары мен көлемдері (ақшалай және саудаланатын қаржы құралдардың санымен).


2. КЕЛІСІМ-ШАРТТЫҢ МӘНІ


2.1.
Биржа, Кеілісім-шарт бойынша, Клиент Тіркелу кезінде таңдаған Биржалық нарықтың секторлары немесе секторлар жиынтығына сәйкес, Биржаның Интернет-сайтында нақты уақыт тәртібінде Сауда-саттық ақпаратын қарауға рұқсат беру арқылы Клиентке ақпараттық қызметтер көрсетуге (бұдан әрі – Қызметтер), ал Клиент Келісім-шарттың шарттарына сәйкес Қызметтердің құнын уақытылы төлеуге міндеттенеді.
2.2.
Келісім-шарт Клиент Оферта Акцептін жүзеге асырған сәттен бастап жасалды деп саналады.
2.3.
Келісім-шартқа сәйкес Клиентке берілген Сауда-саттық ақпараты, тек қарау үшін және Клиент пайдалану үшін арналған.
 
Клиентке Келісім-шартқа сәйкес алған Сауда-саттық ақпараттарды жаңғыртуға, жариялауға немесе қандай да бір амалмен таратуға (соның ішінде пайдакүнемдік мақсатта) тыйым салынады.


3. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


3.1.
Биржа:



1)
Клиенттен Келісім-шарт шарттарын тиісті орындауын талап етуге;
2)
Клиент:



Қызметтер құнын төлеу мерзімдерін бұзған жағдайда; немесе
Биржа Клиенттің қандай да бір әрекеттерін Келісім-шарттың қағидаларын бұзды деп негізді санаған жағдайда, Клиентке Сауда-саттық ақпаратына Рұқсатты уақытша тоқтатуға;
3)
Клиентке алдын ала хабарлаусыз, сауда-саттық ақпаратының және/немесе оның кез келген бөлігінің форматын өзгертуге;
4)
Интернет желісіндегі Сауда-саттық ақпараты немесе оның кез келген бөлігі жарияланатын беттерінің мекен-жайларын, осындай өзгертулер туралы Биржаның Интернет-сайтында хабарландыру жариялап, өзгертуге;
5)
Клиентке алдын ала хабарлаусыз, Сауда-саттық ақпаратының және/немесе кез келген оның бөлігінің құрамын өзгертуге, егер осындай өзгертулер Сауда-саттық ақпараттың құрамындағы мәліметтер санының қысқаруына әкеп соқтырмаса;
6)
бір тарапты тәртіпте көрсетілетін Қызметтерге қатысты тарифтерді өзгертуге, сондай-ақ келісім-шартқа өзгертулер мен толықтырулар енгізуге, осындай өзгертулер/толықтырулар туралы хабарландыруларды Биржаның Интернет-сайтында, өзгертулер/толықтырулар қолданысқа енгізілер алдында, кемінде 10 (он) жұмыс күн бұрын жариялаумен;
7)
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы.
3.2.
Клиент:



1)
Биржадан, Келісім-шартта қарастырылғандай, Қызметтер көрсетуді және өзге де міндеттерін тиісті орындауын талап етуге;
2)
Келісім-шарттың 2.3 тармағында белгіленген шектеулерді ескере отырып, сауда-саттық ақпаратын пайдалануға;
3)
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өзге де әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы.
3.3.
Биржа:



1)
Клиентке, Келісім-шартта қарастырылғандай, Қызметттерге төлеу бойынша Биржаны банктегі шотына ақша аударылған күннен кейінгі келесі 1 (бір) жұмыс күн аралығында Сауда-саттыққа Рұқсат беруге;
2)
Клиентке Сауда-саттық ақпаратына Рұқсат беретін бағдарламалық-аппараттық кешеннің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етуге;
3)
Келісім-шарттың шарттарына сәйкес, Қызметтерге төлеу шоттарын Клиентке белгіленген тәртіпте және уақытылы ұсынып тұруға;
4)
Сауда-саттық ақпаратын қарау Рұқсатын уақытша тоқтатуға негіз болған (Келісім-шарттың 3.1 тармағының 2) тармақшасы) тәртіп бұзушылықтарды Клиент жойған жағдайда, Клиентке Сауда- саттық ақпаратын қарау Рұқсатын 1 (бір) жұмыс күн аралығында қайта беруге;
5)
Келісім-шарт бойынша Клиенттің өз міндеттерін орындауға әсер ете алатын, деректемелердің өзгеруі туралы және өзге де ақпараттарды Клиентке, осындай өзгерістер пайда болған сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік күн аралығында хабарлауға;
6)
Келісім-шартта және Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған басқа да барлық міндеттемелерін тиісті орындауға міндетті.
3.4.
Клиент:



1)
келісім-шарттың шарттарына сәйкес, Қызметтердің құнын уақытыл және толық көлемде жасауға;
2)
Келісім- шарт бойынша Қызметтерді алуға қажетті, байланыс каналын (Интернет желісіне рұқсатын) дербес түрде және өз есебінен ұйымдастыруды жүзеге асыруға;
3)
Пайдаланушының аты мен Клиенттің Құпия сөзінің құпиялығын қамтамасыз етуге;
4)
Келісім-шарт бойынша міндеттерді орындауға әсер ете алатын, деректемелердің өзгеруі туралы және өзге де ақпараттарды Биржаға, осындай өзгерістер пайда болған сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік күн аралығында хабарлауға;
5)
Келісім- шарттың 2.3 тармағында белгіленген, Сауда-саттық ақпаратын пайдалану бойынша шектеулерді орындауға;
6)
Сауда-саттық ақпаратын алу Рұқсатын жүзеге асыруға қажетті, Пайдаланушының аты және Клиенттің Құпия сөзіне қатысты құпиялылық тәртібін бұзған жағдайда, осы туралы Биржаға Тараптарға түсінікті түрде, осындай дерек орын алған сәттен бастап бір жұмыс күн аралығында хабарлауға;
7)
Келісім-шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де міндеттемелерін тиісті орындауға міндетті.


4. ТӨЛЕМ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ
4.1.
Қызметтердің құны, Биржаның Интернет-сайтында (http://kase.kz/files/normative_base/info_rules.pdf) жарияланған қолданыстағы тарифтерге сәйкес, Клиенттің Тіркелу кезінде таңдаған Биржалық нарықтың секторына немесе секторлар комбинациясына байланысты.
4.2.
Биржа Клиентке, алдын ала толық төлеу шартымен, Келісім-шарт шегінде Қызметтер көрсетеді.
4.3.
Қызметтерге төлеуді Клиент алдын ала төлейтін кезең басталар алдында, Биржа ұсынған шоттар негізінде, шотта көрсетілген соманы Келісім-шарттың 10 бөлімінде белгіленген Биржаның тиісті банктегі шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.
4.4.
Келісім-шарт шегіндегі Биржа мен Клиент арасындағы есеп айырысулар ұлттық валюта – теңгемен, осы тармақтың екінші абзацында белгіленгенді қосапғанда, жүзеге асырылады.


Клиент Қазақстан Республикасының резиденті болмаған жағдайда есеп айырысулар АҚШ долларымен жүзеге асырылады.
4.5.
Клиент Қызметтердің құнын келісім-шартқа сәйкес тиісті шот алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күн аралығында төлейді.
4.6.
Қызметтерге төлеу шотын Биржа Клиентке факс арқылы немесе электрондық пошта арқылы жібереді.


Егер бухгалтерлік құжаттарды материалдық (қағаздағы) тасымалдағышта алу қажет болған жағдайда Клиент Биржаға тиісті жазбаша сауал жіберуі керек.
4.7.
Биржа Қызметтерге төлеудің бірінші шотын Клиент Тіркелу өткеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, кейін – ай сайын, төлем жасалатын айдың алдындағы айдың 25 (жиырма бесінші) жұлдызынан кешіктірмей жолдайды.
4.8.
Биржа:



егер Биржа Клиентке Сауда-саттық ақпаратын қарауға Рұқсатты беріп, бірақ Клиент қандай да бір себептермен осы Рұқсатты пайдаланбаса; немесе
егер Биржа Клиентке Сауда-саттық ақпаратын қарау Рұқсатын беріп, бірақ Клиент қандай да бір себептермен осы Рұқсатты ,төленген, бірақ толық емес кезең пайдаланса.
 
Қызметтерге төленген ақшаларды қайырмайды және/немесе Сауда-саттық ақпаратын қарауға Рұқсаттың тең мөлшерлі қосымша уақытын беру арқылы, өтемейді.

Бұл ретте, осы тармақта қарастырылған жағдайларда, Биржа Қызметтерді тиісті түрде көрсетті деп саналады.


5. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
5.1.
Келісім-шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті орындамағаны үшін Тараптардың әрқайсысы Қазақстан Республикасныңы заңнамасына және Келісім-шартқа сәйкес жауапқа тартылады.
5.2.
Клиент:



1)
Сауда-саттық ақпаратын пайдалануына байланысты тәуекелдер үшін;
2)
өзінің пайдаланушының Аты мен Құпия сөзінің құпиялылығының сақталуына, сондай-ақ үшінші жақтардың рұқсатсыз оларды пайдалануы себепті пайда болуы мүмкін шығындарына жауапты болады.
5.3.
Биржа:



1)
Клиентке Сауда-саттық ақпараттарына уақытылы рұқсат бермегені үшін;
2)
Биржаның кінәсімен, биржалық сауда-саттықтар өткізу барысында² мәліметтер беру кезінде қателер, техникалық жаңылыстар, файлдардың жойылуы, функциялардың өзгеруіне байланысты Клиент Сауда-саттық ақпаратын қарай алмағанына жауапты болады.
5.4.
Келісім-шарттың 5.3 тармағында көрсетілген жағдайлар пайда болғанда, Биржа Клиентке Сауда-саттық ақпаратына рұқсат болмаған уақытын, Рұқсаттың тиісінше қосымша уақытын беру арқылы, өтеп береді.
5.5.
Биржа:



1)
Биржаның кінәсімен емес болған мәліметтер беру кезінде орын алған қателер, техникалық жаңылыстар, файлдардың жойылуы, функциялардың өзгеруі, кемшіліктер, жұмыстағы кідірістерге байланысты Клиент Сауда-саттық ақпаратын қарай алмағаны себебінен туындаған Клиенттің шығындарына, сондай-ақ өзге де шығындарына;
2)
Интернет жүйесі арқылы Сауда-саттық жүйесіне кіру рұқсатының сапасына жауапты болмайды.
5.6.
Осы Келісім-шарттың 3.4 тармағы 3) тармақшасындағы шарттарды Клиент бұзған жағдайда, Клиент Биржаға әр осындай жағдай үшін 12 айға Сауда-саттық ақпараттар (Биржалық нарықтың барлық секторлары бойынша) тарифтерінің сомасына тең айыппұл төлеуі, сондай-ақ келтірілген зазалын толық көлемде өтеуі тиіс.
5.7.
Осы Келісім-шарттың 3.4 тармағы 5) тармақшасында белгіленген шарттарды Клиент бұзған жағдайда, Клиент Биржа алдында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.
5.8.
Тұрақсыздық төлемін төлеу Тараптарды, осы Келісім-шартта қарастырылған, міндеттемелерін орындаудан босатпайды.


6. КЕЛІСІМ-ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫСТА БОЛУ ЖӘНЕ ОНЫ БҰЗУ МЕРЗІМІ
6.1.
Келісім-шарттың 2.2 тармағына сәйкес жасалған сәттен бастап, Келісім-шарт күшіне енді деп саналады және мерзімсіз болып табылады.
6.2.
Тараптардың әрқайсысы бір жақты тәртіпте, екінші Тарапқа кемінде 5 (бес) күнитізбелік күн бұрын хабарлап, Келісім-шартты бұзуға құқылы.
6.3.
Клиент 6.3 тарапқа сәйкес тәртіпте Келісім-шартты бұзған жағдайда, Биржа Клиентке оның төлеген ақшасын қайтармайды және өтемейді.


7. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ҚҰҚЫҚ
7.1.
Дау- дамай орын алғанда, оның Тараптары, Келісім-шарттың 2.2 тармағына сәйкес Келісім-шарт жасасқан, Биржа және Клиент болып табылады.
7.2.
Келісім-шартты орындау барысында келіспеушіліктер пайда болған жағдайда, Тараптардың арасындағы дау-дамайды келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі. Тараптар келіспеушіліктерін соттан тыс тәртіпте шешу үшін барллық шараларды қолдануы тиіс.
7.3.
Егер Тараптар өзара келісімге жете алмасы, даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шешіледі.
7.4.
Дауларды шешу бойынша Қазақстан Республикасы материалдық құқығы қолданылады.


8. ФОРС-МАЖОР
8.1.
Егер Тараптардың өз міндеттемелерін орындамау немесе тиісті орындамау еңсерілмейтін күштер жағдайы себебінен болса, Тараптар осы Келісім-шарт бойынша жауапкершіліктен босатылады, еңсерілмейтін күштер деп кез келген төтенше жағдайларды және Келісім-шарттың Тараптары жағынан саналы бақылауға алынбайтын жағдайларды: соғыс, әскери әрекеттер, мемлекеттік органдардың әрекеттері, мемлекеттік төңкеріліс, өрт, табиғи апаттар және өзге де, Тараптар алдын ала болжай алмайтын және Келісім-шарт бойынша міндеттемелерді орындауға тікелей ықпал еткен, жағдайларды түсіну керек.
8.2.
Еңсерілмейтін күштер жағдайы орын алған жағдайда, Келісім-шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі, осындай жағдайдың болу мерзіміне тиісінше жылжытылады.
 
Келісім-шарт бойынша өз міндеттемелерін еңсерілмейтін күштер жағдайына байланысты орындауы мүмкін болмаған Тарап, екінші Тарапқа осындай жағдай басталған сәттен бастап онкүндік мерзімде осы туралы хабарлауы тиіс.
8.3.
Еңсерілмейтін күштер жағдайының пайда болуы және аяқталуын өкілетті құзіретті ұйым берген (шығарған, жариялаған, қабылдаған) құжат растайды.
8.4.
Егер еңсерілмейтін күштер жағдайының мерзімі бур айдан асса, Тараптар осы Келісім-шарт бойынша өз міндеттемелерін әрі қарай орындаудан бас тартуға құқылы. Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы екінші Тараптар шығындарды өтеуді талап етуге құқы жоқ.


9. ҚОРЫТЫНДЫ ҚАҒИДАЛАР
9.1.
Тараптар өз құқықтары мен міндеттемелерін, екінші Тарапттың жазбаша келісімісіз, үшінші жақтарға ұсынуға құқы жоқ..
9.2.
Келісім-шартқа енгізілетін барлық өзгертулер мен толықтырулар, Биржаның Интернет-сайтында ілеспелі хабарламаны жариялау арқылы, аталмыш өзгертулер мен толықтырулар қолданысқа енгізілер алдында кемінде 10 (он) жұмыс күн бұрын Клиенттің назарына жеткізіледі.
 
Келісім-шартқа енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар, Келісім-шартың 2.2 тармағына сәйкес Келісім-шарт жасасқан Клиенттердің барлығына қатысты қолданылады.
9.3.
Келісім-шартқа сәйкес жолданған хабарламалар мен ескертпелер жазбаша түрде рәсімделеді. Хабарлама хаттары әдейілеп немесе тапсырыс хатпен жеткізілсе, немесе факспен, телеграфпен, электрондық пошта арқылы, егер байланыс арнасы хат алушыға хабарламаның/ескертпе хатының жеткізілуін растайтын болса, тиісті түрде жөнелтілді деп саналады.


10. БИРЖАНЫҢ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ ЖӘНЕ БАНКТІК ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
10.1.
Атауы: "Қазақстан қор биржасы"



Мекен-жайы: 050020, Алматы қ., Достық д-лы, 291/3а

Телефоны: (8 727) 237 53 22

БСН: 931240000220

СТН: 600200049149

КҰЖК: 30084469



Теңгемен есеп айырысу үшін:

ЖСК (есеп айырысу шоты): KZ678560000000501538 "Банк ЦентрКредит" АҚ, Алматы қ.

БСК: KCJBKZKX

КБе: 15



АҚШ долларымен есеп айырысу үшін:

ЖСК (расчетный счет): KZ918560000003128351 "Банк ЦентрКредит" АҚ, Алматы қ.

S.W.I.F.T.: KCJBKZK1ALM

Банк-корреспондент: HSBC BANK USA, N.Y. 000303488, MRMDUS33







¹ қаржы құралдарының әр тобы үшін сауда-саттық өткізудің негізгі әдісі Биржаның "Сауда-саттық және Растау жүйесінің жұмыс регламенті" атты ішкі құжатында анықталған, бұл құжат Биржаның Интернет–сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base /reglament_trade.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған.



² Биржалық нарықтың барлық секторларындағы сауда-саттық өткізу уақыты, http://www.kase.kz/files/normative_base /reglament_trade.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған "Сауда-саттық және Растау жүйесінің жұмыс регламенті" атты Биржаның ішкі құжатында белгіленген.