Сауда-саттық ақпарат

Акциялар нарығындағы бөлшек инвесторлар арасындағы конкурс

2017 жылдың 05 мамырында KASE және "ИРБИС" қаржы нарығы ақпараттық агенттігі ұйымдастырған, "Биржалық симулятор" республикалық студенттің конкурсының ресми жабылуы болды. Аталмыш жоба жас мамандардың қаржылық сауаттылығын арттыруға және қор нарығында тәжірибелік дағдысын қалыптастыруға бағытталған жоба.

"Биржалық симулятор" жобасы қаржы және экономика мамандарының студенттеріне тегін негізде қазақстандық компаниялардың неғұрлым өтімді акцияларымен үйрету сауда-саттығына қатысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әрбір қатысушыға сауда-саттық барысыда басқаруға бір миллион теңге көлемінде қоржын беріледі. Студенттердің негізгі міндеті – үздік қоржын қалыптастыру.

2016 жылдың конкурсы қорытындысы бойынша жобаға қатысушы студенттер саны соңғы мерзімге қарағанда 405 адамнан 1 500 адамға дейін көбейді, мәміле көлемі 6,8 млрд теңге, мәміле саны – 16 277. Алғаш рет оқу сауда-саттығына Қазақстан Республикасының аумағынан тыс білім алып жатқан студенттер, сондай-ақ колледж студенттері қатысты.

Жеңімпаздарды 2017 жылдың 29 наурызынан 26 сәуіріне дейін KASE сауда-саттық жүйесінде оқу сауда-саттығының қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар анықтады. Олар:
− гран-при – Кузьменко Кристина Вячеславовна;
− бірінші орын – Петров Никита, Мордовская Дарья, Ивлев Антон, Курбанов Карим, Сагындыкова Малике;
− екінші орын – Абдилазизов Сардор, Асипова Жазира, Абулхаирова Анель, Тиллабай Санжар, Нурлиева Камила;
− үшінші орын – Досанова Акмарал, Ерекеш Ақылбек Панабекұлы, Баудунов Дильзат Аблимитович, Ламзаров Рамазан Арлиевич, Ахметжанов Расул.

Жеңімпаз қатысушылар сондай-ақ қаржылық серіктес ұйымдарда тәжірибеден өтуге мүмкіндік алды.

Жобаның көрсеткішінің өсуі оның маңыздылығы мен қажеттілігін көрсетеді. Оған қатысуға қызығушылық туғызған тек жоғарғы оқу орындарының оқушылары ғана емес, сондай-ақ сұранымдар халықтан да түсуде, ол деген жалпы қор нарығына деген қызығушылық қана емес, жобаны кеңейте түсуді қажет етеді.

Жоба Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен іске асырылды. Жобаның басты демеушісі - " Астана Банкі" АҚ, бас серіктесі – "Фридом Финанс" АҚ. Жобаның серіктестері - "Цесна Капитал" АҚ, "Казком Секьюритиз" АҚ және "Сентрас Секьюритиз" АҚ.