Сауда-саттық ақпарат

Refinitiv Day on KASE: Инвесторлар мен эмитенттердің қарым қатынасы.

Бүгін, 2019 жылдың 24 сәуірінде, KASE Refinitiv компаниясымен бірлесіп, "Refinitiv Day on KASE: Инвесторлар мен эмитенттердің қарым қатынасы" атты семинар өткізді.

Іс-шарада спикерлер коропративтік талдау үрдістері туралы әңгімеледі, технологиялардың инвесторлардың шешіміне қалай әсер ететіні туралы, қандай ақпарат ашу құралдары бар, солар туралы айтты және ESG тұрақты даму мүмкіндіктері мен қағидалары мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.

Іс-шара спикерлері және сөз сөйлеу тақырыптары:
- Люк Мэннинг, Refinitive тұрақты және стратегиялық бастамалардың басшысы – What does sustainability mean to you?: From one to three dimensional risk rating view. Challenges and opportunities of sustainable development.
- Никита Павлов, Орталық/Шығыс Еуропа және ТМД Refinitiv аймағы бойынша капитал нарығы бағытының басшысы – Корпоративтік талдау үрдістері: Эмитенттерді талдаудың эволюциясы. Технологиялар инвесторлардың шешімдеріне қалай әсер етеді?
- Виктор Литвинов, KASE мониторинг департаментінің директоры – Қазақстанда ақпаратты ашу және ESG: Ақпаратты ашу құралдары. Тұрақты даму мақсаттары және ESG.

Барлық сұрақтар бойынша 237 53 20 телефоны немесе customers@kase.kz электрондық пошта арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.

Өткізу уақыты: 09:30-13:00

Өткізу орны: Алматы қ., Байзақов к-сі 280, "Almaty Towers" Бизнес-орталығы, Солтүстік мұнара, 1 қабат, KASE баспасөз рум.