Сауда-саттық ақпарат

"KEGOC" АҚ арналған KASE эмитент күні

2019 жылдың 19 сәуірінде Қазақстан қор биржасының "Эмитент күні" жобасының аясында "KEGOC" акционерлерімен инвесторлармен және нарықтың кәсіби қатысушыларымен кездесу өткізді. Кездесу аясында 2018 жылға компанияның қызметінің қорытындысы ұсынылған БАҚ арналған медиа-брифинг өткізілді.

Айбек Ботабеков, KEGOC қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директор ҚР БЭЖ жқмысының сенімділігін арттыруға бағытталған және жүзеге асыруды көздеп отырған перспективалық обалар туралы әңгімеледі. Брифинг барысында сондай-ақ, компанияның даму стратегиясы, компанияның табысын арттыру және KEGOC-қа инвестициялаудың сенімділігі туралы сұрақтарға жауап берді.

"Эмитент күнін" өткізудің мақсаты инвесторлар тарапынан эмитентке деген қызығушылығын арттыру және акционерлермен, қор нарығының кәсіби қатысушыларымен және БАҚ өкілдерімен кері байланыс орнату болып табылады.