Сауда-саттық ақпарат

KASE Talks – ашық дәрістер (сәуір)

2018 жылдың 20 сәуірінде Қазақстан қор биржасы (KASE) өзінің 25-жылдығына Қазақстан қаржы нарығы тақырыбына KASE Talks екінші ашық дәрісін өткізді. Аталмыш жоба аясында Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі мен нарығына елеулі үлес қосқан белгілі қазақстандық қаржыгерлердің сөздері жоспарлануда.

KASE Talks келесі спикері KASE экс-президенті Дамир Қарасаев, ол Қазақстан қор биржасына 1999 жылдың сәуір айынан 2002 жылдың наурыз айына дейін басшылық етті.

Дамир Қарасаев қазақстан бағалы қағаздар нарығының және биржалық сауда-саттықтың дамуына үлкен үлес қосқан. Оның белсенді қатысуының арқасында KASE Сауда-саттық жүйесінің жеке әзірлемесі жасалып, іске қосылды, мемлекеттік бағалы қағаздармен, қазақстандық және шет елдік эмитенттердің акциялармен, облигациялармен қайталама нарықта тұрақты сауда-саттық іске қосылды, Қазақстан нарығына еурооблигациялардың іске қосылу жүйесі жүзеге асырылды. Дамир Қарасаев қазақстандық эмитенттердің корпоративтік облигацияларды орналастыру бойынша биржалық аукциондарын іске қосу, Қазақстан қор биржасында муниципалдық органдардың алғашқы бағалы қағаздарын айналымға жіберуге басшылық етті. Оның басшылығымен автоматты репо нарығы жобаланып, іске қосылды, ол соңғы жылда соншалықты танымал. Қазақстанның бағалы қағаздары бойынша Ұлттық комиссияның Сараптау кеңесінің мүшесі бола тұра, ол отандық бағалы қағаздарды реттеу үшін заң әзірлеуге қатысты.

Дамир Қарасаев шет елде бірнеше табысты жобаларды жүзеге асырды және бүгінгі таңда бизнесті құру және дамытуда үлкен халықаралық тәжірибесі бар.

KASE Talks мақсаты – кең аудиторияға республиканың қаржы нарығының қалыптасу шарттары мен оның дамуына әсер ететін негізгі факторлар туралы ақпараттандыру.

KASE Talks міндеті – Қазақстанның қаржы нарығын одан әрі танымал ету, сонымен қатар KASE және тұтастай алғанда қор нарығы туралы ақпарат беру.

Іс-шарадан суреттер (Facebook)