Сауда-саттық ақпарат

"Эмитент күні" KASE жобасы аясында "БАСТ" АҚ-на баспасөз туры

Қазақстан қор биржасының (KASE) "Эмитент күні" жобасы аясында 2018 жылдың 20 сәуірінде "Фридом Финанс" АҚ инвестициялық компаниясы ұйымдастырған "БАСТ"АҚ IPO-ның үш жылдығына арналған баспасөз туры өтті.

Іс-шара Семей қаласындағы "БАСТ" компаниясының флотациялық фабрикасында өткізілді. Сонымен қатар, компанияның тау-кен байыту комбинаты бойынша тур өткізілді.

Іс-шараны өткізу кезінде "БАСТ" компаниясының 2017 жылғы қызметінің қаржылық қорытындылары, жаңа жобалар туралы ақпарат, Даму стратегиясы мен 2018 жылға арналған жоспарлар ұсынылды.