Сауда-саттық ақпарат

17-ші Солтүстік Каспий аймақтық көрмесі "Атырау мұнай және газ"

2018 жылдың 10-12 сәуірінде Атырау қаласында Global Oil & Gas Atyrau 2018 17-ші Солтүстік Каспий аймақтық көрмесі өтті.

"Қазақстан қор биржасы" АҚ өкілдері "Қазақстан қор биржасы – қаржыландыруды тартуға арналған платформа" презентациясымен көрмеге қатысты.

Global Oil & Gas Atyrau – Солтүстік Каспий аймағының ірі іскерлік алаңы. Естеріңізге сала кетейік, Атырау Қазақстанның негізгі индустриялық орталығы болып табылады және энергетикалық қалалардың Дүниежүзілік серіктестігі тізіміне (WECP) кіреді.

Көрменің тақырыптық бөлімдері қатысушы компаниялардан түрлі бағыттағы презентациялар мен білім беру семинарларын қамтиды. Мысалы, NCOC консорциумы 2017 жылғы Тұрақты даму туралы есепті ұсынады, "Ембімұнайгаз" АҚ спикерлері мұнай өндіру процесінде геологиялық барлау және цифрландыру мәселелерін талқылады. Семинарлар екі семинар бөлмесінде жаңа ашық форматта өттіі. Іс-шараға алғаш рет қатысып отырған Каспий Құбыр Консорциумы семинарлар аймағының серіктесі болып табылады. Теңізшевройл, NCOC, Ембімұнайгаз сияқты жетекші қазақстандық компаниялар - 17 жыл бойы Global Oil & Gas Atyrau-дың өзгермейтін қатысушылары.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Атырау облысы әкімдігі, "ҚазМұнайГаз "Ұлттық Компаниясы" АҚ, "KAZENERGY" мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы, сондай-ақ Қазақстанның "KazService"сервистік компаниялар одағы ресми қолдау көрсетті.

Global Oil & Gas Atyrau 2018 көрмесінің ұйымдастырушысы қазақстандық Iteca Plc көрме компаниясы. және оның халықаралық серіктесі ITE (Ұлыбритания) компаниялар тобы.

Іс-шарадан суреттер (Facebook)