Сауда-саттық ақпарат

Оқыту бағдарламасы "Қор нарығының негіздері" (тамыз)

2017 жылдың 17 тамызында Қазақстан қор биржасы (KASE) Алматы қаласында листингілік компаниялардың қаржы қызметкерлері мен заң бөлімшелері үшін семинар өткізді. Семинар барлық қатысам деуші барлық тыңдаушыларға тегін жүргізілді.

Аталмыш Бағдарламаның мақсаты листингілік компаниялардың қызметкерлерінің отандық қор нарығы туралы хабардар болуын арттыру болып табылады. Оқыту бағдарламасы тыңдаушыларға қор нарығының негіздері туралы тәжірибелік білім алуға және компанияның қаржы ағымдарын басқаруға пайдалануға мүмкіндік береді.

Дәрістер мен презентация тақырыптары (орыс тілінде):
Қор нарығы – ақшаны басқару қарапайым және тиімді;
Биржа – сауда-саттық алаңы ғана емес;
Биржеалық статистика – цифрлар мен трендтер;
Балама әрқашан да бар: акциялар мен облигациялар;
Биржадағы листинг – компания үшін жаңа мүмкіндіктер;
Ақпарат ашу және айқындылықты қамтамасыз ету – компания тұрақтылығының негіздері;
Биржа – Қазақстан қаржы нарығының ақпараттық орталығы.