Сауда-саттық ақпарат

KASE Day in Shymkent

2017 жылдың 17 шілдесінде Шымкент қаласында KASE биржаның әлеуетті эмитенттерімен, инвесторларымен және серіктестерімен бизнес-таңғы ас өткізді. Эмитенттер мен инвесторлармен жұмыс бойынша жоспарды жүзеге асыру аясында Оңтүстік Қазақстан облысының ірі компанияларының әлеуетті эмитенттерімен бизнес-таңғы ас өткізілді.

Іс-шараны өткізу мақсаты KASE қызметіне эмитенттер тарапынан қызығушылығын арттыру және инвесторлар мен Биржа серіктестерімен кері байланыс орнату.

Іс-шара форматы:
– Шымкент және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдіктерінің басшыларын, Оңтүстік Қазақстан облысының "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы, "Даму" КДҚ АҚ және аймақтың ірі компанияларының басшылары шақырылды;
– БАҚ шақыру.

Бизнес-таңғы ас 2017 жылдың 199 шілдесінде Шымкент қаласы "Rixos Khadisha Shymkent" қонақ үйінде өтті.

Аталмыш кездесуде "Қазақстан қор биржасы" АҚ өкілдері Биржаның негізгі қызметі туралы баяндама жасап, ағымдық жобалары мен жоспарлары туралы әңгімеледі .

Қызықтырған сұрақтар бойынша customers@kase.kz электрондық поштасына жазуға болады.