Сауда-саттық ақпарат

Болашақ листингілік компаниялар үшін

Болашақ листингілік компаниялар үшін

Қазақстанның қор нарығында бағалы қағаздарды қалай орналастыруға болатыны және листинг өткеннен кейін компанияның алдында қандай қаржылық мүмкіндіктер ашылатыны туралы көбірек біліңіз

ЛИСТИНГ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Егер компания қазақстандық қйымдастырылған қор нарығында қаржыландыру тартуға қызығушылығы бар болса, ол Қазақстан қор биржасында листинг процедурасынан өтуі керек

Листинг – компанияның юбағалы қағаздарын енгізу процедурасы. Бағалы қағаздардың листингі табысты аяқталды деп осы бағалы қағаздар KASE ресми тізіміне енгізілген күннен бастап саналады.

Листинг процедурасын табысты өткен жағдайда, компания KASE листингілік компаниясы мәртебесін алады.

Листинг процедурасын өткеннен кейін компания тек жекеше емес, Қазақстанда көпшілік арасында орналастыруға мүмкіндік алып, компанияның өсуін және дамуын қаржыландыру үшін ұзақ мерзімді капиталдың ағымын қамтамасыз етеді. Осылайша, Биржадағы листинг компанияларға капитал нарығына тұрақты қолжетімділікті ұсынады.

Рұқсаттама бастамашысы болып компанияның өзі немес KASE мүшесі бола алады. Рұқсаттама бастамашысы листингілік алымдарды төлеуші болып табылады және эмитент және оның бағалы қағаздары туралы ақпаратты, осы бағалы қағаздар KASE ресми тізімінде тұруы кезеңі бойы, ашу міндеттемесін орындайды.

ЛИСТИНГТІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

1
Дамудың жаңа деңгейі
Дұрыс қаржылық жоспар құрған жағдайда, компания өсу қарқынын, сонымен қатар айқын несиелік тарихнамасын қалыптастыра отырып, арттыру мүмкіндігін алады
2
Қаржыландыру көздерінің диверсификациясы
Қаржыландыру көздерінің санын көбейте отырып, компания өзінің ақша ағымдарын тиімдірек реттей алады
3
Кепілсіз қаржыландыру
Компания активтерін кепілге қоймай-ақ инвестицияларды тартуға мүмкіндік алады
4
Икемділік
Компания қаржыландырудың өзіне ыңғайлы амалдарын өзі анықтай алады: акцияларды орналастыру немесе облигациялар шығару. Бұл ретте облигациялар шығарғанда барлық шарттарды (мерзімі, сыйақы мөлшерлемесі, өтеу сызбасы және басқа шарттар) компания өзі белгілейді
5
Сенім
Биржада өз қызметі туралы ақпараттарды ашу арқылы компания жағымды имиджге иеленіп, өз қызметіне қатысты несиелендірушілер, клиенттер, жеткізушілер тарапынан сенімді арттырады
6
Іскерлік байланыстарды кеңейту мүмкіндігі
Биржада листингтің болуы, жаңа серіктестер мен инвесторларды іздестіргенде, компанияның елеулі абыройы болып табылады
7
Корпоративтік басқару
Компанияда корпоративтік басқарудың тиімді жүйесін енгізу капиталдың қолжетімділігін арттырып, оны тартудың құнын төмендетеді, бұл, өз кезегінде, компанияның өсуін, демек, болашақта экономикалық кірістерді қамтамасыз етеді

KASE ЛИСТИНГІЛІК КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

Қарау

ЛИСТИНГТІ ҚАЗАҚСТАНДА ӨТКЕН НЕГЕ ЖАҚСЫРАҚ?

  • Қазақстандық компаниялар отандың инвесторларға түсінікті және ақпараттық қолжетімді
  • Компанияның жергілікті road-show өткізуіне шығындары және кеңесшілердің және орналастыру ұйымдастырушыларының қызметтеріне төлеу, шетелдік нарықтарға қарағанда, әлдеқайда төмен
  • KASE облигацияларды орналастыру немесе IPO өткізуді жоспарлаған компанияларға ақпараттық қолдау көрсетеді
  • Бағалы қағаздардың Қазақстан қор биржасында айналысы қазақстандық эмитенттерге әбден түсінікті құқықтың өрісте жүргізіліп, яғни, заңи тәуекелдер мен заңгерлік қолдауға шығындар төмендейді
  • Қазақстан қор биржасында компания инвесторлар үшін, шетелдік дамыған қор нарықтарына қарағанда, көзге тезірек түседі, ал шетелде қазақстандық компаниялар әрқашан көптің бірі болады
  • Теңгемен қаржыландыру тарту валюталық тәуекелге бас ұрмауға мүмкіндік береді