28 мамырдан бастап KASE-де "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ KZ2C00009405 (BRKZb30) және KZ2C00009413 (BRKZb31) облигацияларымен сауда-саттық тоқтатылады

17.05.24 10:10
/KASE, 17.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 28 мамырынан бастап KASE-де "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Астана) келесі облигацияларымен сауда-саттық тоқтатылатыны туралы хабарлайды: - KZ2C00009405 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, BRKZb30); - KZ2C00009413 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, BRKZb31). Сауда-саттықты тоқтату 2024 жылдың 28 мамырында аталған облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізуге байланысты. [2024-05-17]