KASE биржалық нарықтың 2024 жылдың сәуір айындағы жұмысын қорытындылады

16.05.24 17:11
/KASE, 16.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың сәуір айындағы қызметінің негізгі қорытындылары туралы хабарлайды. - KASE-дегі сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2024 жылдың сәуір айында 32,9 трлн теңгені құрады және наурыз айымен салыстырғанда 26,4 %-ға немесе 6,9 трлн теңгеге өсті. - Сәуір айының қорытындысы бойынша KASE Индексінің мәні 1,3 %-ға төмендеп, 5 011,59 тармақты құрады. - Сәуір айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 1,1 %-ға 30,5 трлн теңгеге дейін төмендеді, ал саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 0,8 %-ға 13,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды. - Сәуір айында екі жаңа эмитенттің корпоративтік облигациялары және KASE Global секторының бір жаңа эмитентінің акциялары листинг рәсімінен өтті. - 2024 жылдың 01 мамырындағы жағдай бойынша KASE-нің сауда-саттық тізімдерінде 250 эмитенттің 679 атаудағы мемлекеттік емес бағалы қағаздары болды. Бағалы қағаздар нарығының, шетел валюталарының, ақшаның, репо және валюталық своп операцияларының, туынды құралдар нарығының көрсеткіштерін, сондай-ақ негізгі жобалар мен іс-шараларға шолуды қамтитын толық ақпарат KASE интернет-ресурсында жарияланған KASE-нің баспасөз мәлімдемесінде ұсынылған: - https://kase.kz/files/press/kz/16_05_2024_itogi_april_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/press/ru/itogi_april_2024_ru.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/press/kz/16_05_2024_itogi_april_eng.pdf – ағылшын тілінде. [2024-05-16]