KASE Листингілік комиссиясы "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ
KZ2C00011344 (AGKKpp2) облигацияларын KASE ресми тізімінің "Жеке
орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады
16.05.24 16:24
/KASE, 16.05.24/ – Қазақстан қор биржасының Листингілік комиссиясы
(KASE) 2024 жылдың 16 мамырында "Аграрлық кредиттік корпорация"
АҚ (Астана) KZ2C00011344 (1 000 теңге, 50,0 млрд теңге, 5 жыл;
жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы
сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша айқындалады; 30/360)
облигацияларын KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" алаңына енгізу
туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланады.
Аталған облигацияларға AGKKpp2 қысқартылған белгісі (сауда-саттық
коды) берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат Листингілік
комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында
жарияланады.
[2024-05-16]