16 мамырға жоспарланған "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның 100,0 млн KZ2C00011211 (BTRKb11) облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілмейді

15.05.24 16:30
/KASE, 15.05.24/ – "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның (Астана) 100,0 млн KZ2C00011211 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKb11) облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда- саттықты өткізудің бастамашысы болып табылатын "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) 2024 жылдың 16 мамырына жоспарланған мамандандырылған сауда-саттықтардың күші жойылатыны жөнінде хабарлады. [2024-05-15]