06 мамырдан бастап "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ KZ2C00011302 (AGKKpp1) облигациялары KASE ресми тізімін "Жеке орналастыру" алаңына енгізілді

06.05.24 17:38
/KASE, 06.05.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 06 мамырында "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ-ның (Астана) KZ2C00011302 облигацияларын (AGKKpp1; 1 000 теңге, 100,0 млрд теңге, 1 жыл; жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша айқындалады; 30/360) KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 06 мамырынан бастап күшіне енеді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/bonds/show/AGKKpp1/ [2024-05-06]