KASE Листингілік комиссиясы "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ KZ2C00011302 (AGKKpp1) облигацияларын KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады

06.05.24 14:14
/KASE, 06.05.24/ – Қазақстан қор биржасының Листингілік комиссиясы (KASE) 2024 жылдың 06 мамырында "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ (Астана) KZ2C00011302 облигацияларын (1 000 теңге, 100,0 млрд теңге, 1 жыл; жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша айқындалады; 30/360) KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланады. Аталған облигацияларға AGKKpp1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланады. [2024-05-06]