29 сәуірден бастап KASE-де "Онлайн ҚазҚаржы МҚҰ"АҚ KZ2C00010478 (MFOKb18) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

26.04.24 12:47
/KASE, 26.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 29 сәуірінен бастап "Онлайн ҚазҚаржы МҚҰ"АҚ (Алматы) KZ2C00010478 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, MFOKb18; 1 000 теңге; 10,0 млрд теңге; 26.04.24-26.04.26; ай сайынғы купон, жылдық 20,00%; 30/360) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/MFOKb18/ [2024-04-26]