"Bereke Bank" АҚ-ның жалғыз акционері Банктің жай акциялары бойынша 2023 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

26.04.24 11:10
/KASE, 26.04.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Bereke Bank" АҚ (Алматы) жалғыз акционердің 2024 жылдың 23 сәуіріндегі шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционер, оның ішінде келесі шешімдерді қабылдады: - 2023 жылға банктің қаржылық есептілігі бекітілсін; - 28 962 млн теңге мөлшеріндегі таза кіріс банк қарамағында қалдырылсын; - меншікті капиталдың төмендеу қаупіне байланысты банктің жай акциялары бойынша 2023 жылға дивидендтер төленбесін. Акционер жиналыстың күн тәртібіндегі алты мәселе бойынша шешім қабылдады. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/BERK/berk_decision_sole_230424_2152.pdf [2024-04-26]