02 МАМЫРДАН БАСТАП KZGB_CPm1m ЖӘНЕ KZGB_DPm1m ИНДЕКСТЕРДІ ЕСЕПТЕУГЕ АРНАЛҒАН ӨКІЛДІК ТІЗІМ МБҚ 64 АТАУЫНАН ТҰРАТЫН БОЛАДЫ

26.04.24 11:00
/KASE, 26.04.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 01 сәуірінен бастап Қазақстан қор биржасы (KASE) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) нарығының мынадай индекстері мен көрсеткіштерін есептеуге және жариялауға кірісті: 1) KZGB_CPm1m (more than one month) – сатып алынған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағанда бағалар бойынша есептелетін өтеу мерзімі 31 күннен және одан жоғары МБҚ-ның "таза" бағаларының баға индексі; 2) KZGB_DPm1m – өтеу мерзімі 31 күннен асатын МБҚ жиынтық табысының (есептелген, төленген купондық төлемді және қайта инвестицияланған купондық төлемді ескере отырып) баға индексі; 3) KZGB_Ym1m – кірістілік көрсеткіші, жылдық пайызбен; 4) индекстің дюрациясы, жылдармен; 5) индекстің түрлендірілген дюрациясы. 2024 жылдың мамырындағы көрсетілген индекстерді есептеу үшін өкілдік тізім 2024 жылдың 26 сәуіріндегі таңертеңгі МБҚ параметрлері бойынша қалыптастырылды (осы тізім күшіне енген күнге дейін үш жұмыс күні бұрын) және МБҚ 64 атауынан тұратын болады (өкілдік тізімнен KZKD00000105; MUM180_0001 МБҚ алынып тасталады). Өкілдік тізім 2024 жылдың 02 мамырында https://kase.kz/ru/stock_market/ бетте жарияланады (KZGB_CPm1m немесе KZGB_DPm1m бөлімі). [2024-04-26]