16 мамырдан бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00007671 (EABRb15) облигациялары Т+ тізіміне енгізіледі

15.05.24 14:55
/KACC, 15.05.24/ – KASE клиринг орталығы (KACC) Басқармасының шешімімен 2024 жылдың 16 мамырынан бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге жіберілген қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ тізімі) Еуразиялық даму банкінің KZ2D00007671 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb15) дисконттық облигациялары енгізіледі. Қаржы құралдарын Т+ тізіміне және Т + қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі мына сілтеме бойынша КАСС интернет-ресурсында жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf [2024-05-15]