14 мамырдан бастап KASE-ДЕ Franklin FTSE United Kingdom ETF US35473P6786 (FLGB_KZ) және State Street Global Advisors US78462F1030 (US_SPY_) бағалы қағаздарымен сауда-саттық тоқтатылды

14.05.24 10:40
/KASE, 14.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 14 мамырынан бастап KASE-де есептесу күні 2024 жылдың 21 маусымына және одан кейінгі күндерге келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдерінде репо операциялары бойынша келесі ETF бағалы қағаздарымен сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды: - US35473P6786 ("KASE Global" секторы, FLGB_KZ) Franklin FTSE United Kingdom ETF (АҚШ); - US78462F1030 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, US_SPY_) State Street Global Advisors (АҚШ). Сауда-саттық KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі құжатының 11-2 бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 21 маусымында көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де аталған бағалы қағаздармен сауда-саттық 2024 жылдың 24 маусымынан қайта басталады. [2024-05-14]