Қазақстан Қаржы министрлігі 06 мамыр күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-180 14-ші шығарылымын (KZKD00000956, MUM180_0014) өтеуге кірістілігі жылдық 12,15 %-бен орналастырып, 8,9 млрд теңге тартты

13.05.24 18:01
/KASE, 13.05.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 06 мамырында Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-180 14-ші шығарылымын (KZKD00000956, MUM180_0014) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес 2024 жылдың 13 мамырында облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер орындалды, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 8 906 095 000,0 теңгені құрады. KASE "Қазақстан Қаржы министрлігі 06 мамыр күні Қазақстан қор биржасында 11,0 млн МЕУКАМ-180 14-ші шығарылымын (KZKD00000956, MUM180_0014) өтеуге кірістілігі жылдық 12,15 %-бен орналастырды" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/news/show/1520942/ [2024-05-13]