Қазақстан Қаржы министрлігі 06 мамыр күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-180 алтыншы шығарылымын (KZKD00000535, MUM180_0006) өтеуге орташа сараланған кірістілігі жылдық 12,37 %-бен орналастырып, 2,5 млрд теңге тартты

13.05.24 17:56
/KASE, 13.05.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 06 мамырында Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-180 алтыншы шығарылымын (KZKD00000535, MUM180_0006) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес 2024 жылдың 13 мамырында облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер орындалды, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 2 545 250 000,0 теңгені құрады. KASE "Қазақстан Қаржы министрлігі 06 мамыр күні Қазақстан қор биржасында 3,0 млн МЕУКАМ-180 алтыншы шығарылымын (KZKD00000535, MUM180_0006) өтеуге орташа сараланған кірістілігі жылдық 12,37 %-бен орналастырды" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/news/show/1520939/ [2024-05-13]