Қазақстан Қаржы министрлігі 06 мамыр күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-108 13-ші шығарылымын (KZKD00001087, MUM180_0013) өтеуге орташа сараланған кірістілігі жылдық 12,30 %-бен орналастырып, 13,5 млрд теңге тартты

13.05.24 17:50
/KASE, 13.05.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 06 мамырында Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-108 13-ші шығарылымын (KZKD00001087, MUM180_0013) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес 2024 жылдың 13 мамырында облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер орындалды, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 13 533 995 444,5 теңгені құрады. KASE "Қазақстан Қаржы министрлігі 06 мамыр күні Қазақстан қор биржасында 14,0 млн МЕУКАМ-108 13-ші шығарылымын (KZKD00001087, MUM108_0013) өтеуге орташа сараланған кірістілігі жылдық 12,30 %-бен орналастырды" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/news/show/1520936/ [2024-05-13]